https://sputnik.kz/20240104/oraldagy-zharylys-4-adam-zhansaqtau-boliminde-zhatyr-41370589.html
Оралдағы жарылыс: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Оралдағы жарылыс: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер науқастардың жағдайы өте ауыр дейді 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T15:30+0500
2024-01-04T15:30+0500
2024-01-04T15:30+0500
жарылыс
орал
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f2d4fd21cee03c37bcfd3e863164b4f0.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралда дәмханада болған жарылыстан кейін 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың мәліметінше, оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 6 адам жеткізілген. Біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Жеңіл күйік алған бір адам осы аурухананың травмотолгия бөліміне жатқызылды.Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам.Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын.
https://sputnik.kz/20240104/oraldagy-zharylys-kafede-qaytys-bolgandardyn-sany-zhariyalandy-41361790.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_212bc6f3dcbf113efde67192251c075c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылыс, орал
Оралдағы жарылыс: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Дәрігерлер науқастардың жағдайы өте ауыр дейді
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралда дәмханада болған жарылыстан кейін 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың мәліметінше, оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 6 адам жеткізілген. Біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Жеңіл күйік алған бір адам осы аурухананың травмотолгия бөліміне жатқызылды.
"4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір науқастың оң иығы сынған. Миы шайқалған. Қалған үшеуінің денесін 15%-тен 52%-ке дейін күйік шалған. Жағдайы өте ауыр", - дейді Ерлан Тоқсанов.
Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын.