https://sputnik.kz/20240104/oraldagy-zharylys-kafede-qaytys-bolgandardyn-sany-zhariyalandy-41361790.html
Оралдағы жарылыс: кафеде қайтыс болғандардың саны жарияланды
Оралдағы жарылыс: кафеде қайтыс болғандардың саны жарияланды
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T10:02+0500
2024-01-04T10:02+0500
2024-01-04T10:08+0500
орал
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:497:2047:1648_1920x0_80_0_0_4a3a65be15acb03dc62b7c1889fbb606.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Орал қаласында жарылыс болған кафеден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілді, алтыншы адам ауруханаға жатудан бас тартты. Айта кетері, бүгін түнде екі қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:305:2047:1840_1920x0_80_0_0_2da3a1add5d1d8ee7cadc6c2ea129b0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, жарылыс
Оралдағы жарылыс: кафеде қайтыс болғандардың саны жарияланды
10:02 04.01.2024 (жаңартылды: 10:08 04.01.2024) Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Орал қаласында жарылыс болған кафеден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілді, алтыншы адам ауруханаға жатудан бас тартты.
"Жарылыс болған жерде 2 адам көз жұмды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда", - дейді құтқарушылар.
Айта кетері, бүгін түнде екі қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақ отқа оранған.
Оқиға орнына құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.