АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте 54 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 221 рет шақыртуға шықты. Оның 111-і өрт оқиғасы, 109-ы іздестіру, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар болды", - деп атап өтті ведомство.
Бұл ретте 54 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Министрлік азаматтарды өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға, дауыл туралы ескертулерді, ауа райы туралы, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.