Жаңа жыл түні 518 адам құтқарылды

© Photo : МЧС РКПожар в Риддере
Пожар в Риддере - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2024
Жазылу
Оның 94-і өрт оқиғасы, 68-і іздестіру, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары
АЛМАТЫ, 1 қаңтар - Sputnik. Жаңа жыл мерекесі күні 518 құтқарылды. Арасында эвакуацияланғандар да бар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңа жыл түні ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқарды.

"31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 163 рет шақыртуға шықты. Оның 94-і өрт оқиғасы, 68-і іздестіру, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар болды", - дейді ведомстводағылар.

Мереке күнгі тәулікте 518 адам құтқарылған, оның 65-і бала.
"Өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпаңыздар. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар, ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүрмеңіздер", - деп хабарлайды ТЖМ.
Жаңалықтар
0