Елімізде бір тәулікте 100-ден астам өрт тіркелді

© Photo : Пресс-служба ДЧС СКО Пожар на АГЗС в Петпропавловске
Пожар на АГЗС в Петпропавловске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 221 рет шақыртуға шықты
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте 54 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 221 рет шақыртуға шықты. Оның 111-і өрт оқиғасы, 109-ы іздестіру, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар болды", - деп атап өтті ведомство.
Бұл ретте 54 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Министрлік азаматтарды өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға, дауыл туралы ескертулерді, ауа райы туралы, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.
Пожар в Риддере - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2024
Жаңа жыл түні 518 адам құтқарылды
Жаңалықтар
0