АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ер адам 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайынан ұшып кетпек болған. Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.
"Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.