Бұрын адам өлтіргені үшін сотталған: ҰҚК Сирияға бара жатқан радикалды ұстады

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2023
Жазылу
Күдікті бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түскен
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ер адам 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайынан ұшып кетпек болған. Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.
"Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
 Алеппо қаласы, Сирия - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Сирияда террористік ұйымның құрамында болған Ұлытау тұрғыны сотталды
Жаңалықтар
0