Сирияда террористік ұйымның құрамында болған Ұлытау тұрғыны сотталды

© AP Photo / Hassan Ammar Алеппо қаласы, Сирия
 Алеппо қаласы, Сирия - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты лаңкестік топтың құрамында болған тұрғынды кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ* (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.
Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, ҰҚК жасағы шетелдік серіктестердің көмегімен оны 2023 жылдың маусым айында Қазақстанға жеткізген.
2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.
ДАИШ* - Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым
Жаңалықтар
0