АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі сусыны қымыз Германияда патенттеліпті деген ақпаратқа Қазақстанның Әділет министрлігі түсініктеме берді.
"Базбіреулер қымыз Германияда патенттеліп қойыпты деп БАҚарқылы шағымданып жүр. Осыған орай, ол жақта қымыз бен бие сүтіне ешкім патент алмағанын мәлімдеймін. Иә, шынында да Германияда патент алғандар бар, бірақ қымыздың өзін емес, оның жасалу әдістерін патенттеген. Мысалы, қымызды құрғақ ұнтақтан, капсулада немесе брикеттелген пішінде жасаған", - деп түсіндірді ведомство өкілі Талғат Уәли брифингте.
Қазақстанда өтінім білдірушілерге таблеткадағы қымызға, сондай-ақ кептірілген бие сүтіне патент берілген. Яғни, бұл да қымыздың өзіне емес, өндіру әдістеріне қатысты, деп түсіндірді Уәли.
"Қымыз жасаудың дәстүрлі әдістеріне патент берілуі екіталай, өйткені онда жаңалық немесе өнертапқыштық деңгей сияқты критерийлер болмайды", - деді Уәли.