https://sputnik.kz/20231221/adilet-ministrligi-qymyzdy-nemister-patenttep-aldy-degen-aqparatty-zhoqqa-shygardy-41104759.html
Әділет министрлігі қымызды немістер патенттеп алды деген ақпаратты жоққа шығарды
Әділет министрлігі қымызды немістер патенттеп алды деген ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі сусыны қымыз Германияда патенттеліпті деген ақпаратқа Қазақстанның Әділет министрлігі түсініктеме берді. 21.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-21T19:13+0500
2023-12-21T19:13+0500
2023-12-21T19:13+0500
қымыз
https://sputnik.kz/img/229/62/2296277_0:853:3280:2698_1920x0_80_0_0_8828e0a2ae671c108dbbb51e3f742fa0.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі сусыны қымыз Германияда патенттеліпті деген ақпаратқа Қазақстанның Әділет министрлігі түсініктеме берді."Базбіреулер қымыз Германияда патенттеліп қойыпты деп БАҚарқылы шағымданып жүр. Осыған орай, ол жақта қымыз бен бие сүтіне ешкім патент алмағанын мәлімдеймін. Иә, шынында да Германияда патент алғандар бар, бірақ қымыздың өзін емес, оның жасалу әдістерін патенттеген. Мысалы, қымызды құрғақ ұнтақтан, капсулада немесе брикеттелген пішінде жасаған", - деп түсіндірді ведомство өкілі Талғат Уәли брифингте.Қазақстанда өтінім білдірушілерге таблеткадағы қымызға, сондай-ақ кептірілген бие сүтіне патент берілген. Яғни, бұл да қымыздың өзіне емес, өндіру әдістеріне қатысты, деп түсіндірді Уәли."Қымыз жасаудың дәстүрлі әдістеріне патент берілуі екіталай, өйткені онда жаңалық немесе өнертапқыштық деңгей сияқты критерийлер болмайды", - деді Уәли.
https://sputnik.kz/20230323/densaulyqqa-ote-paydaly-kubi-pisu-umytylyp-barady-33208298.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/229/62/2296277_0:546:3280:3006_1920x0_80_0_0_622cb49f9be07c31aa32c3ed1201d658.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қымыз
Әділет министрлігі қымызды немістер патенттеп алды деген ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі сусыны қымыз Германияда патенттеліпті деген ақпаратқа Қазақстанның Әділет министрлігі түсініктеме берді.
"Базбіреулер қымыз Германияда патенттеліп қойыпты деп БАҚарқылы шағымданып жүр. Осыған орай, ол жақта қымыз бен бие сүтіне ешкім патент алмағанын мәлімдеймін. Иә, шынында да Германияда патент алғандар бар, бірақ қымыздың өзін емес, оның жасалу әдістерін патенттеген. Мысалы, қымызды құрғақ ұнтақтан, капсулада немесе брикеттелген пішінде жасаған", - деп түсіндірді ведомство өкілі Талғат Уәли брифингте.
Қазақстанда өтінім білдірушілерге таблеткадағы қымызға, сондай-ақ кептірілген бие сүтіне патент берілген. Яғни, бұл да қымыздың өзіне емес, өндіру әдістеріне қатысты, деп түсіндірді Уәли.
"Қымыз жасаудың дәстүрлі әдістеріне патент берілуі екіталай, өйткені онда жаңалық немесе өнертапқыштық деңгей сияқты критерийлер болмайды", - деді Уәли.