Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды: министр бұл тыйым не үшін қажет екенін түсіндірді

Сабақ аяқталған соң, үзілісте оқушы ата-анасына қоңырау шалып, сөйлесе алады
Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салу туралы нормаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мектеп оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруі керек екенін атап өтті.
"Сондықтан бала сабақ барысында мұғалім беріп жатқан материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы керек. Бүгінгі күні біздің балаларымызды осы смартфондар алаңдатыны белгілі. Жалпы бұл бүгінгі күні ата-аналардан, педагогтерден келіп түскен көптеген өтініш пен шағымның нәтижесінде қабылданып отырған шара. Тағы да шегелеп айтамын: бұл сабақ барысында ғана оқушылардың смартфонды мұғалімнің рұқсатынсыз пайдалануға болмайтыны туралы заң", - деп түсіндірді Бейсембаев үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, сабақ аяқталған соң, үзілісте оқушы ата-анасына қоңырау шалып, сөйлесе алады.
"Бұл тек сабақ барысындағы шектеу деп қабылдау керек", - деді ведомство басшысы.
30 қарашада мәжілісте оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салуды көздейтін заң қабылданды.
Қоғам
Студенттер мен оқушылар неге есірткі сатушылардың оңай олжасына айналады