https://sputnik.kz/20231205/oqushylar-sabaqta-telefon-ustay-almaydy-ministr-bul-tyyym-ne-ushin-qazhet-ekenin-tusindirdi-40628090.html
Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды: министр бұл тыйым не үшін қажет екенін түсіндірді
Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды: министр бұл тыйым не үшін қажет екенін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Сабақ аяқталған соң, үзілісте оқушы ата-анасына қоңырау шалып, сөйлесе алады 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T10:58+0500
2023-12-05T10:58+0500
2023-12-05T11:00+0500
смартфон
телефон
оқушы
https://sputnik.kz/img/567/45/5674586_0:98:1920:1178_1920x0_80_0_0_5bed6672ff70cc56762ff4c38aeea709.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салу туралы нормаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр мектеп оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруі керек екенін атап өтті."Сондықтан бала сабақ барысында мұғалім беріп жатқан материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы керек. Бүгінгі күні біздің балаларымызды осы смартфондар алаңдатыны белгілі. Жалпы бұл бүгінгі күні ата-аналардан, педагогтерден келіп түскен көптеген өтініш пен шағымның нәтижесінде қабылданып отырған шара. Тағы да шегелеп айтамын: бұл сабақ барысында ғана оқушылардың смартфонды мұғалімнің рұқсатынсыз пайдалануға болмайтыны туралы заң", - деп түсіндірді Бейсембаев үкіметте өткен брифингте.Айтуынша, сабақ аяқталған соң, үзілісте оқушы ата-анасына қоңырау шалып, сөйлесе алады."Бұл тек сабақ барысындағы шектеу деп қабылдау керек", - деді ведомство басшысы.30 қарашада мәжілісте оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салуды көздейтін заң қабылданды.
https://sputnik.kz/20231127/studentter-men-oqushylar-nege-esirtki-satushylardyn-onay-olzhasyna-aynalady-40458716.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/567/45/5674586_110:0:1810:1275_1920x0_80_0_0_35216bb4137191a2345cd14dda4c41db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
смартфон, телефон, оқушы
Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды: министр бұл тыйым не үшін қажет екенін түсіндірді
10:58 05.12.2023 (жаңартылды: 11:00 05.12.2023) Сабақ аяқталған соң, үзілісте оқушы ата-анасына қоңырау шалып, сөйлесе алады
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салу туралы нормаға түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мектеп оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруі керек екенін атап өтті.
"Сондықтан бала сабақ барысында мұғалім беріп жатқан материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы керек. Бүгінгі күні біздің балаларымызды осы смартфондар алаңдатыны белгілі. Жалпы бұл бүгінгі күні ата-аналардан, педагогтерден келіп түскен көптеген өтініш пен шағымның нәтижесінде қабылданып отырған шара. Тағы да шегелеп айтамын: бұл сабақ барысында ғана оқушылардың смартфонды мұғалімнің рұқсатынсыз пайдалануға болмайтыны туралы заң", - деп түсіндірді Бейсембаев үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, сабақ аяқталған соң, үзілісте оқушы ата-анасына қоңырау шалып, сөйлесе алады.
"Бұл тек сабақ барысындағы шектеу деп қабылдау керек", - деді ведомство басшысы.
30 қарашада мәжілісте оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салуды көздейтін заң қабылданды.