Қоғам

Студенттер мен оқушылар неге есірткі сатушылардың оңай олжасына айналады

© ДВД Северо-Казахстанской областиАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткі жасыратындар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Студенттер арасында жүргізілген сауалнамалар олардың есірткі үшін берілетін жазадан хабарсыз екенін көрсетті. Мәселен, мефедрон сияқты синтетикалық препараттың 1,5 грамын сатқаны үшін 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Енді полицейлер студенттер жатақханаларында рейдтер ұйымдастырып жүр. Бұл шаралар бірнеше мақсатты көздейді.
Біріншіден, жатақханаларда тұратын студенттерге кез келген психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткі сатуға қатысқаны үшін жаза туралы ескертіледі.
Екіншіден, рейд барысында қызметтік иттері бар кинологтар жатақханалардың үй-жайларын есірткінің бар-жоғына тексереді.
Бір апта ішінде еліміздің әртүрлі өңірінде есірткінің қолданылуын немесе таралуын анықтау және есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті түсіндіру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, осындай 25 рейд өткізілген.
"Студенттер мен жасөспірімдер есірткі дилерлерінің оңай олжасына айналады. Жастар бос уақытында ақша табуға тырысып, кез келген заңсыз әрекет үшін жауапкершілік барын әрдайым біле бермейді. Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай “табыстың” салдары туралы ескерту", - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Оның айтуынша, 16 жастан бастап барлық есірткі әрекеті үшін толық жауап беруге тура келеді. Есірткі жасыратындар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Интернетте есірткіні жарнамалау, насихаттау, форумдарда белгілі бір есірткі туралы оң пікірлер үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Астанада еріктілер есірткі жарнамалайтын жазуларды өшірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Видео
Астанада еріктілер есірткі жарнамалайтын жазуларды өшірді
Жаңалықтар
0