Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізу туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді

Михаил Подоляк "бейбітшілік туралы шынайы келіссөз" болмағанын және болуы мүмкін емес екенін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Киев Ресей Федерациясымен ешқашан бейбіт келісім жасау туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзіне сілтеме жасап.
Сейсенбі күні Ресей президентінің көмекшісі, 2022 жылдың көктемінде Украинамен келіссөз жүргізу кезінде ресейлік делегацияның басшысы болған Владимир Мединский Киев 2022 жылдың сәуірінде Ресеймен бейбіт келісімге қол қойғанда, жүздеген мың әскерінің өмірін құтқарар еді деді.
Ол 2022 жылдың сәуірінде Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Борис Джонсоннан басқа Мемлекеттік департамент пен Пентагон басшылары, сондай-ақ бейбіт келісімге қол қоюды құптамаған басқа да "кеңесшілер" Киевке ұшып барғанын айтты.
"2022 жылдың ақпан-наурыз айларында да, басқа уақытта да, әсіресе қазіргі күні "бейбітшілік туралы шынайы келіссөз" болған жоқ және болуы мүмкін емес", - деп жазды Подоляк Telegram каналында.
Оның пікірінше, Ресей Федерациясы КСРО-ны қалпына келтіруді көздеп отыр. Ол ресейлік саясаткерлердің келіссөздерге дайындық жасалғаны туралы мәлімдемелерін "агрессияны ақтау" деп атады.
Бұған дейін Жоғарғы рададағы "Слуга народа" партиясының фракция басшысы Давид Арахамия "Украинадағы соғыс өткен жылдың көктемінде аяқталатын еді, бірақ Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресеймен кез келген бейбіт келісімге қол қоюдан айнытты" деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Борис Джонсон Киевке келіп: "біз олармен ештеңеге қол қоймаймыз, соғысты жалғастыра берейік" деген көрінеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Лондон Киевті қақтығысты 2022 жылы аяқтаудан бас тартуға көндірді – Рада депутаты