Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лондон Киевті қақтығысты 2022 жылы аяқтаудан бас тартуға көндірді – Рада депутаты

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2023
Жазылу
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсонның Киевке сапарынан кейін Украина өз ұсынысынан бас тартқан
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Украинадағы соғыс өткен жылдың көктемінде аяқталатын еді, бірақ Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресеймен кез келген бейбіт келісімге қол қоюдан айнытты. Бұл туралы "Слуга народа" партиясының фракция басшысы және Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің мүшесі Дэвид Арахамия мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Егер біз Финляндия сияқты бейтараптықты ұстанып, НАТО-ға кірмейміз деп міндеттеме алсақ, ресейліктер соғысты аяқтауға дайын болды. Бұл негізгі мәселе еді. Сонымен қатар біз Стамбұлдан оралған кезде, Борис Джонсон Киевке келіп: "біз олармен ештеңеге қол қоймаймыз, соғысты жалғастыра берейік" деді", - деп атап өтті ол "1+1"телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен бірге парламентарийдің айтуынша, Украина да шайқасты тоқтатуға келіспеді, өйткені "бұл елдің блоктық мәртебесі жазылған Конституцияғаа қайшы келеді".
Өткен жылдың ақпан айының соңында Ресей - Украина консультациялары басталды: делегациялар Беларусьта екі бетпе-бет кездесу өткізді, содан кейін оларды бейнеконференцбайланыс арқылы күнделікті режимде жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Наурыз айының соңында тараптар Стамбұлда келіссөздердің кезекті кезеңін өткізді. Оның қорытындысы бойынша Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украина болашақ келісім туралы жазбаша ұсыныстарын бергенін мәлімдеді. Ол кезде Мәскеу бұл кездесуді бейбітшілікке қадам деп санады және тұтастай алғанда Киев режимі көптеген жыл ішінде алғаш рет келіссөздер жүргізуге ниет білдірді.
Ресей жауап ретінде Украинаға екі рет қадам жасады. Біріншіден, Киев және Чернигов бағыттарындағы әскери қимылдарын едәуір қысқарту туралы шешім қабылданды. Екіншіден, Мәскеу Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін сыртқы істер министрлерінің келісімге қол қоюымен бір уақытта өткізуді ұсынды.
Соған қарамастан кейінірек СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаның өз ұсыныстарынан бас тартып, келіссөздер процесін тежеу үшін көптеген арандату әрекетін жасағанын хабарлады. Атап айтқанда, министрдің айтуынша, Киев ұсынған келісім жобасында Стамбұлда Қырымға қатысты кездесуде жазылған ережелерден алшақтау болған. Сонымен қатар Украина Ресейдің келісімін алу қажеттілігін ескермей, әскери жаттығулар туралы ережені өзгерткен.
Жаңалықтар
0