https://sputnik.kz/20231129/zelenskiydin-kensesi-reseymen-beybit-kelissoz-zhurgizu-turaly-angime-bolmaganyn-malimdedi-40520604.html
Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізу туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді
Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізу туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Михаил Подоляк "бейбітшілік туралы шынайы келіссөз" болмағанын және болуы мүмкін емес екенін атап өтті 29.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-29T19:52+0500
2023-11-29T19:52+0500
2023-11-29T19:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/970/09/9700950_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_636cb7a70ad317f7d93e606a06086b4a.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Киев Ресей Федерациясымен ешқашан бейбіт келісім жасау туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзіне сілтеме жасап.Сейсенбі күні Ресей президентінің көмекшісі, 2022 жылдың көктемінде Украинамен келіссөз жүргізу кезінде ресейлік делегацияның басшысы болған Владимир Мединский Киев 2022 жылдың сәуірінде Ресеймен бейбіт келісімге қол қойғанда, жүздеген мың әскерінің өмірін құтқарар еді деді.Ол 2022 жылдың сәуірінде Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Борис Джонсоннан басқа Мемлекеттік департамент пен Пентагон басшылары, сондай-ақ бейбіт келісімге қол қоюды құптамаған басқа да "кеңесшілер" Киевке ұшып барғанын айтты.Оның пікірінше, Ресей Федерациясы КСРО-ны қалпына келтіруді көздеп отыр. Ол ресейлік саясаткерлердің келіссөздерге дайындық жасалғаны туралы мәлімдемелерін "агрессияны ақтау" деп атады.Бұған дейін Жоғарғы рададағы "Слуга народа" партиясының фракция басшысы Давид Арахамия "Украинадағы соғыс өткен жылдың көктемінде аяқталатын еді, бірақ Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресеймен кез келген бейбіт келісімге қол қоюдан айнытты" деп мәлімдеді.Оның айтуынша, Борис Джонсон Киевке келіп: "біз олармен ештеңеге қол қоймаймыз, соғысты жалғастыра берейік" деген көрінеді.
https://sputnik.kz/20231125/london-kievti-qaqtygysty-2022-zhyly-ayaqtaudan-bas-tartuga-kondirdi--rada-deputaty-40430188.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/09/9700950_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1fd6c7cb0a9bc077b4c959048d62eba6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізу туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді
Михаил Подоляк "бейбітшілік туралы шынайы келіссөз" болмағанын және болуы мүмкін емес екенін атап өтті
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Киев Ресей Федерациясымен ешқашан бейбіт келісім жасау туралы әңгіме болмағанын мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзіне сілтеме жасап.
Сейсенбі күні Ресей президентінің көмекшісі, 2022 жылдың көктемінде Украинамен келіссөз жүргізу кезінде ресейлік делегацияның басшысы болған Владимир Мединский Киев 2022 жылдың сәуірінде Ресеймен бейбіт келісімге қол қойғанда, жүздеген мың әскерінің өмірін құтқарар еді деді.
Ол 2022 жылдың сәуірінде Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Борис Джонсоннан басқа Мемлекеттік департамент пен Пентагон басшылары, сондай-ақ бейбіт келісімге қол қоюды құптамаған басқа да "кеңесшілер" Киевке ұшып барғанын айтты.
"2022 жылдың ақпан-наурыз айларында да, басқа уақытта да, әсіресе қазіргі күні "бейбітшілік туралы шынайы келіссөз" болған жоқ және болуы мүмкін емес", - деп жазды Подоляк Telegram каналында.
Оның пікірінше, Ресей Федерациясы КСРО-ны қалпына келтіруді көздеп отыр. Ол ресейлік саясаткерлердің келіссөздерге дайындық жасалғаны туралы мәлімдемелерін "агрессияны ақтау" деп атады.
Бұған дейін Жоғарғы рададағы "Слуга народа" партиясының фракция басшысы Давид Арахамия "Украинадағы соғыс өткен жылдың көктемінде аяқталатын еді, бірақ Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Киевті Ресеймен кез келген бейбіт келісімге қол қоюдан айнытты" деп
мәлімдеді.
Оның айтуынша, Борис Джонсон Киевке келіп: "біз олармен ештеңеге қол қоймаймыз, соғысты жалғастыра берейік" деген көрінеді.