Қазақстанда 22 мыңға жуық адам үй алу кезегінен шығарылады – министр

Министрдің айтуынша, әрбір адамның мәселесі жеке-жеке қаралады
Sputnik
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қазақстанда үй алуға кезекте тұрған 21 607 адам тізімнен шығарылды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде алдын ала мәліметтер бойынша 646 мың адам кезекте тұр. Олардың ішінде 232 мыңы талапқа сай емес. Сол себепті баспана кезегінен шығарылатын болады. Талалапқа сай келмейтіндер:
96,1 мыңының соңғы 5 жылда тұрғын үйі болған;
533 адамның Қазақстаназаматтығы жоқ;
91,4 мың азаматтың тіркеу орны (тіркелу) кезекте тұрған өңірімен сәйкес келмейді;
29 мың адамныңтіркелу орны жоқ;
15,6 мыңы–қайтыс болғандар.
Министрдің айтуынша, бұрын жергілікті атқарушы органдар осы жұмысты тиімсіз жүргізген.
“Бүгінгі күні әкімдіктер бізбен бірге осы бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Осыжылдың 1 тамызынан осы күнге дейін кезекте тұрған 21 607 адам тізімнен шығарылды”,-деді Шарлапаев мәжілістің жалпы отырысында.
Министр соңғы бес жылда үйі болған 96 мың адам баспана кезегінен толығымен шығарылатынын ерекше атап өтті. Қалғаны Отбасы банкіне беріледі. Сосын әрбір адамның мәселесі жеке-жеке қаралады.
Баспана кезегіне маңызды өзгерістер енгізіледі