https://sputnik.kz/20231122/qazaqstanda-22-mynga-zhuyq-adam-uy-alu-kezeginen-shygaryldy--ministr-40341251.html
Қазақстанда 22 мыңға жуық адам үй алу кезегінен шығарылады – министр
Қазақстанда 22 мыңға жуық адам үй алу кезегінен шығарылады – министр
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, әрбір адамның мәселесі жеке-жеке қаралады 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T09:46+0500
2023-11-22T09:46+0500
2023-11-22T11:36+0500
баспана
кезекке тұру
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/16/40338907_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b33249793e191d5efe28903032791b1d.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қазақстанда үй алуға кезекте тұрған 21 607 адам тізімнен шығарылды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде алдын ала мәліметтер бойынша 646 мың адам кезекте тұр. Олардың ішінде 232 мыңы талапқа сай емес. Сол себепті баспана кезегінен шығарылатын болады. Талалапқа сай келмейтіндер:Министрдің айтуынша, бұрын жергілікті атқарушы органдар осы жұмысты тиімсіз жүргізген.Министр соңғы бес жылда үйі болған 96 мың адам баспана кезегінен толығымен шығарылатынын ерекше атап өтті. Қалғаны Отбасы банкіне беріледі. Сосын әрбір адамның мәселесі жеке-жеке қаралады.
https://sputnik.kz/20231122/baspana-kezegine-manyzdy-ozgerister-engiziledi-40340971.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/16/40338907_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_acdb1b18e352c4406bec87cc4ad7d149.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, кезекке тұру
Қазақстанда 22 мыңға жуық адам үй алу кезегінен шығарылады – министр
09:46 22.11.2023 (жаңартылды: 11:36 22.11.2023) Министрдің айтуынша, әрбір адамның мәселесі жеке-жеке қаралады
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қазақстанда үй алуға кезекте тұрған 21 607 адам тізімнен шығарылды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде алдын ала мәліметтер бойынша 646 мың адам кезекте тұр. Олардың ішінде 232 мыңы талапқа сай емес. Сол себепті баспана кезегінен шығарылатын болады. Талалапқа сай келмейтіндер:
96,1 мыңының соңғы 5 жылда тұрғын үйі болған;
533 адамның Қазақстаназаматтығы жоқ;
91,4 мың азаматтың тіркеу орны (тіркелу) кезекте тұрған өңірімен сәйкес келмейді;
29 мың адамныңтіркелу орны жоқ;
15,6 мыңы–қайтыс болғандар.
Министрдің айтуынша, бұрын жергілікті атқарушы органдар осы жұмысты тиімсіз жүргізген.
“Бүгінгі күні әкімдіктер бізбен бірге осы бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Осыжылдың 1 тамызынан осы күнге дейін кезекте тұрған 21 607 адам тізімнен шығарылды”,-деді Шарлапаев мәжілістің жалпы отырысында.
Министр соңғы бес жылда үйі болған 96 мың адам баспана кезегінен толығымен шығарылатынын ерекше атап өтті. Қалғаны Отбасы банкіне беріледі. Сосын әрбір адамның мәселесі жеке-жеке қаралады.