Баспана кезегіне маңызды өзгерістер енгізіледі

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Енді осы мерзімді 10 жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баспана кезегіне енгізілетін маңызды өзгерісті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте министр тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды. Оған сәйкес, Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру қарастырылған. Ал әкімдіктер жасайтын баспана кезегін жүргізу құзіреті банкке беріледі. Ол үшін Отбасы банкінде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Баспанаға мұқтаж азаматтар бұрынғыдай кезекке тұра береді. Бірақ оларға қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін.

“Азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою кезінде негізгі талаптардың бірі - олардың меншігінде баспана болмауы. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне байланысты, кезекке жаңадан тұратын азаматтар үшін осы мерзімді 10 жылға дейін ұлғайту көзделген”,-деді Шарлапаев мәжілістің бүгінгі отырысында.

Ал ашықтықты қамтамасыз ету үшін Отбасы банкінің интернет-ресурсында тізімдер жарияланатын болады.
Бұған қоса тоқсан сайын 1 рет инвентаризация жұмыстары жүргізіледі.
Долгожданное новоселье отмечают жители Жетысуской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Баспана кезегін қалай тазартады – министр жауап берді
Жаңалықтар
0