Өңірлер

Шымкентте қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалап, көліктерін тартып алған – видео

Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып келген
Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Шымкентте жергілікті кәсіпкерлерді бопсалап, автокөліктерін тартып алған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған.
"Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрі, есірткі және өзге де заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Полицияға 10 адам жеткізілді, соның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.
Қазір Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Өңірлер
Әйел өзін екі жыл бойы бопсалап келгендерге 22 млн теңге берген