https://sputnik.kz/20231114/shymkentte-qylmystyq-top-kasipkerlerden-aqsha-bopsalap-kolikterin-tartyp-algan--video-40149609.html
Шымкентте қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалап, көліктерін тартып алған – видео
Шымкентте қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалап, көліктерін тартып алған – видео
Sputnik Қазақстан
Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып келген 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T10:40+0500
2023-11-14T10:40+0500
2023-11-14T10:40+0500
өңірлер
шымкент
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_0:0:2871:1615_1920x0_80_0_0_d87a6746c6b907f62eb520da2f199d0b.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Шымкентте жергілікті кәсіпкерлерді бопсалап, автокөліктерін тартып алған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған."Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрі, есірткі және өзге де заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада.Полицияға 10 адам жеткізілді, соның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.Қазір Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20230724/ayel-ozin-eki-zhyl-boyy-bopsalap-kelgenderge-22-mln-tenge-bergen-36970667.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_87:0:2818:2048_1920x0_80_0_0_8870b2772196d33311a3688ab42ef86d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қылмыстық топ
Шымкентте қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалап, көліктерін тартып алған – видео
Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып келген
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Шымкентте жергілікті кәсіпкерлерді бопсалап, автокөліктерін тартып алған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған.
"Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрі, есірткі және өзге де заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Полицияға 10 адам жеткізілді, соның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.
Қазір Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.