Өңірлер

Әйел өзін екі жыл бойы бопсалап келгендерге 22 млн теңге берген

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
Күдіктілер көлікпен қашпақ болған кезде полиция қызметкерін қағып кетті
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Павлодар облысында Ақсу тұрғынынан 22 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгісіз біреулер соңғы екі жыл бойы жәбірленушіден ақша бопсалап келген. Әйтпесе оның ар-намысы мен абыройына кір келтіретін бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан. Осылайша әйел күдіктілерге барлығы 22 млн теңгеден астам ақша берген. Ақыр соңында қала тұрғыны шарасыздықтан полицияға арызданады.
Бопсалаушыларды ұстауға "Арлан" арнайы бөлімшесі де қатысты.
"Кезекті ақша сомасын беру кезінде Павлодар қаласының үш тұрғыны қорқыту арқылы ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған кезде облыс орталығының тұрғындары белсенді қарсылық көрсеткен. Жасырынуға тырысып, полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті", - деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Қазір ұсталғандар қамауда отыр. Күдіктілердің бірі бұрын қылмыстық жауапқа тартылған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Қостанай тұрғынын ұрып-соғып, 6 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0