Достық станциясында Қытаймен жүк айналымы жыл басынан бері 17 пайызға өсті

Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22%-ға өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31 пайызға, импорт 10 пайызға артты
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Осы жылдың 9 айында Достық – Алашаңқай (Қытай) өткелі арқылы 11,8 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк айналымы 17% өсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Оның ішінде импорт 3,3 млн тоннаға (+4%), экспорт 8,5 млн тоннаға (+24%) жетті.
"Достық станциясы арқылы жүктер Қытайға, Еуропаға және кері қарай жүреді. Станция қызметкерлері күн сайын Қытайға 15 пойыз тапсырады", - деп жазылған хабарламада.
Қыста және күзде Көктұма - №16-шы разъезд – Ақтоғай – Достық теміржол учаскесінде теміржолшылар қиын жағдайда жұмыс істейді. Мұндағы климат – күрт континенталды. Жазда температура +50С°, қыста –50С° аралығында болады.
Станция Жоңғар қақпасының қазақстандық жағында орналасқан, олар шаңды, құмды және кейде тіпті ұсақ тастарды суырып соғатын дауыл мен екпінді желдің (70 м/с дейін) пайда болуына ықпал етеді. Соққан жел теміржол көлігінің жұмысын қиындатып, учаскенің өткізу қабілетіне әсер етеді.
Жалпы, осы жылдың 9 айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22% өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31%, ал импорт 10% өсті.
Қытай Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайды – Си Цзиньпин