https://sputnik.kz/20231030/dostyq-stantsiyasynda-qytaymen-zhuk-aynalymy-zhyl-basynan-beri-17-payyzga-osti-39754356.html
Достық станциясында Қытаймен жүк айналымы жыл басынан бері 17 пайызға өсті
Достық станциясында Қытаймен жүк айналымы жыл басынан бері 17 пайызға өсті
Sputnik Қазақстан
Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22%-ға өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31 пайызға, импорт 10 пайызға артты 30.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-30T21:50+0500
2023-10-30T21:50+0500
2023-10-30T21:50+0500
достық
жүк пойызы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1e/39747705_0:192:2048:1344_1920x0_80_0_0_02386fa83100495a620c80510af9e7f8.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Осы жылдың 9 айында Достық – Алашаңқай (Қытай) өткелі арқылы 11,8 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк айналымы 17% өсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.Оның ішінде импорт 3,3 млн тоннаға (+4%), экспорт 8,5 млн тоннаға (+24%) жетті.Қыста және күзде Көктұма - №16-шы разъезд – Ақтоғай – Достық теміржол учаскесінде теміржолшылар қиын жағдайда жұмыс істейді. Мұндағы климат – күрт континенталды. Жазда температура +50С°, қыста –50С° аралығында болады.Станция Жоңғар қақпасының қазақстандық жағында орналасқан, олар шаңды, құмды және кейде тіпті ұсақ тастарды суырып соғатын дауыл мен екпінді желдің (70 м/с дейін) пайда болуына ықпал етеді. Соққан жел теміржол көлігінің жұмысын қиындатып, учаскенің өткізу қабілетіне әсер етеді.Жалпы, осы жылдың 9 айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22% өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31%, ал импорт 10% өсті.
https://sputnik.kz/20231017/qytay-qazaqstannyn-egemendigi-men-aumaqtyq-tutastygyn-qoldaydy--si-tszinpin-39404459.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1e/39747705_0:0:2048:1536_1920x0_80_0_0_90d143e6005353edcb13d98c2f3af699.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
достық, жүк пойызы
Достық станциясында Қытаймен жүк айналымы жыл басынан бері 17 пайызға өсті
Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22%-ға өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31 пайызға, импорт 10 пайызға артты
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Осы жылдың 9 айында Достық – Алашаңқай (Қытай) өткелі арқылы 11,8 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк айналымы 17% өсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Оның ішінде импорт 3,3 млн тоннаға (+4%), экспорт 8,5 млн тоннаға (+24%) жетті.
"Достық станциясы арқылы жүктер Қытайға, Еуропаға және кері қарай жүреді. Станция қызметкерлері күн сайын Қытайға 15 пойыз тапсырады", - деп жазылған хабарламада.
Қыста және күзде Көктұма - №16-шы разъезд – Ақтоғай – Достық теміржол учаскесінде теміржолшылар қиын жағдайда жұмыс істейді. Мұндағы климат – күрт континенталды. Жазда температура +50С°, қыста –50С° аралығында болады.
Станция Жоңғар қақпасының қазақстандық жағында орналасқан, олар шаңды, құмды және кейде тіпті ұсақ тастарды суырып соғатын дауыл мен екпінді желдің (70 м/с дейін) пайда болуына ықпал етеді. Соққан жел теміржол көлігінің жұмысын қиындатып, учаскенің өткізу қабілетіне әсер етеді.
Жалпы, осы жылдың 9 айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22% өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31%, ал импорт 10% өсті.