Қытай Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайды – Си Цзиньпин

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Китая
Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
ҚХР төрағасы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толықтай қолдайтынын айтты
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қытай Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толықтай қолдайды. Бұл туралы осы елдің басшысы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін екі елдің басшысы Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде келіссөздер өткізді. Сол кезде Си Цзиньпин Қытайдың Қазақстан егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толықтай қолдайтынын айтты.
"Халықаралық жағдайдың қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан өздерінің бастапқы ұстанымдарынан айнымай, бір-біріне жәрдемдеседі. Елдеріміз арасында достық қатынастар орнаған жылдар ішінде біз мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік қалыптастыра алдық", – деді Си Цзиньпин.
Келіссөз кезінде тараптар сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, қаржы, көлік-транзит, атом өнеркәсібі, машина жасау, туризм, электронды коммерция және жоғары технология салаларындағы жан-жақты ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекеттер басшылары бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мәдениетаралық байланыстарға жағдай жасау маңызды екенін ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Касым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
0