Өңірлер

Бас прокуратура шахтадағы төтенше жағдай бойынша тергеу бастады

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды
Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 28 қазанға қараған түні болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖ министрлігінің мамандары кірді.
Оқиға орнында тергеу жұмысын бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.
Костенко атындағы шахтада апаттан қаза болғандар саны 16 адамға жетті. Тағы 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Апат болған кезде жер астында 252 адам болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. 18 кенші ауруханаға жатқызылды.
Биыл тамыз айында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасынан өрт шығып, бес кенші қаза тапқан еді. Шахтадағы өрт әлі сөнген жоқ, өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Қоғам
Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды