https://sputnik.kz/20231028/bas-prokuratura-shakhtadagy-totenshe-zhagday-boyynsha-tergeu-bastady-39716783.html
Бас прокуратура шахтадағы төтенше жағдай бойынша тергеу бастады
Бас прокуратура шахтадағы төтенше жағдай бойынша тергеу бастады
Sputnik Қазақстан
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды 28.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-28T10:04+0500
2023-10-28T10:04+0500
2023-10-28T10:04+0500
өңірлер
бас прокуратура
тергеу
шахта
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/old/918/18/9181818_0:100:1239:797_1920x0_80_0_0_27cefdb621e49f868951d3a4bc38b71c.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 28 қазанға қараған түні болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура. Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖ министрлігінің мамандары кірді.Оқиға орнында тергеу жұмысын бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.Костенко атындағы шахтада апаттан қаза болғандар саны 16 адамға жетті. Тағы 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.Апат болған кезде жер астында 252 адам болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. 18 кенші ауруханаға жатқызылды.Биыл тамыз айында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасынан өрт шығып, бес кенші қаза тапқан еді. Шахтадағы өрт әлі сөнген жоқ, өндіру жұмыстары тоқтатылды.
https://sputnik.kz/20231028/toqaev-arselormittaltemirtau-aq-men-yntymaqtastyqty-toqtatudy-tapsyrdy-39715948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/18/9181818_88:0:1155:800_1920x0_80_0_0_d8975b7365a7be68c89fb25183107286.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, тергеу, шахта, арселормиттал теміртау
бас прокуратура, тергеу, шахта, арселормиттал теміртау
Бас прокуратура шахтадағы төтенше жағдай бойынша тергеу бастады
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 28 қазанға қараған түні болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖ министрлігінің мамандары кірді.
Оқиға орнында тергеу жұмысын бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.
Костенко атындағы шахтада апаттан қаза болғандар саны 16 адамға жетті. Тағы 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Апат болған кезде жер астында 252 адам болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. 18 кенші ауруханаға жатқызылды.
Биыл тамыз айында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасынан өрт шығып, бес кенші қаза тапқан еді. Шахтадағы өрт әлі сөнген жоқ, өндіру жұмыстары тоқтатылды.