Қоғам

Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

© Sputnik / Асем МиржекееваArcelorMittal
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Президент шахтадағы апаттан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Шахтадағы апатты жою бойынша жедел штаб - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Оқиға
Қарағандыда шахтада апат болып, 11 кенші қаза тапты
Жаңалықтар
0