АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров киіп жүрген костюмінің қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатта өткен үкімет сағатынан кейін журналистер министрден "қосарланған құн салығын көтергеннен кейін шетелдік тауарлар азайып қалмай ма?" деп сұрады.
Министр ондай қауіп жоқ екенін жеткізіп, отандық өндірісті көтеру қажеттігін ерекше атап өтті. Сосын үстіндегі костюмін көрсетті. Ал журналистер оның бағасын сұрады.
"90 мың теңге", - деді Қуантыров.