Тоқаев жаңа министрге отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Экономика
Мемлекеттік қолдау көрсету үшін отандық тауарлардың бірыңғай реестрін құру ұсынылды
Жаңалықтар
0