Министр Қуантыров киіп жүрген костюмінің бағасын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Жазылу
Әлібек Қуантыров отандық өндірісті көтеру қажеттігін ерекше атап өтті
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров киіп жүрген костюмінің қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатта өткен үкімет сағатынан кейін журналистер министрден "қосарланған құн салығын көтергеннен кейін шетелдік тауарлар азайып қалмай ма?" деп сұрады.
Министр ондай қауіп жоқ екенін жеткізіп, отандық өндірісті көтеру қажеттігін ерекше атап өтті. Сосын үстіндегі костюмін көрсетті. Ал журналистер оның бағасын сұрады.
"90 мың теңге", - деді Қуантыров.
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Тоқаев жаңа министрге отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды
Жаңалықтар
0