Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді

Қазір карантин шараларыенгізілмегендіктен, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр
Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ақмола облысында қызылша дертін жұқтырғандардың күрт көбеюі санитар мамандарды алаңдатып отыр. Науқастардың дені — осы індетке қарсы екпе салдырмағандар, деп хабарлады КТК.

Өңірде бірінен соң бірі 60 шақты адам қызылшамен ауырған. Оның 31-і балалар екен. Соңғы кездері жұқпалы инфекцияның өршуіне көші-қон мәселесі де себеп болып отыр дейді санитар мамандар.
Өткен жылы ауру Мысырдан, Ресейден келсе, қазір ішкі миграция кезінде де байқалған. Мәселен, бір үйден 4 бірдей бала ауруханаға түскен. Олар жақында Шымкенттен келсе керек. Қазір карантин шаралары болмағандықтан, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр. Ал ең сорақысы, балаларға аталған ауруға қарсы вакцинадан ата-аналардың бас тартуы жиілеген.
"Қызылшаның күн санап көбейе түсуі алаңдатарлық жағдай. Бұған ата-аналардың өздері жол беріп отыр. Балаларына қызылшаға қарсы екпе жасатудан бас тартатындар көбейді. Діни көзқараспен қатар, вакцинаға сенбейтіндер бар. Бұл ковид ауруынан кейін пайда болды. Науқас балалардың барлығы дерлік қызылшаға қарсы екпе алмаған екен", - дейді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.
Ақтөбеде қызылша өршіп тұр – ауруханада қосымша орындар дайындалды