https://sputnik.kz/20231020/aqmola-oblysyndagy-zhagday-mamandardy-alandatyp-otyr-39513436.html
Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді
Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді
Sputnik Қазақстан
Қазір карантин шараларыенгізілмегендіктен, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T07:01+0500
2023-10-20T07:01+0500
2023-10-20T07:34+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ақмола облысында қызылша дертін жұқтырғандардың күрт көбеюі санитар мамандарды алаңдатып отыр. Науқастардың дені — осы індетке қарсы екпе салдырмағандар, деп хабарлады КТК. Өңірде бірінен соң бірі 60 шақты адам қызылшамен ауырған. Оның 31-і балалар екен. Соңғы кездері жұқпалы инфекцияның өршуіне көші-қон мәселесі де себеп болып отыр дейді санитар мамандар.Өткен жылы ауру Мысырдан, Ресейден келсе, қазір ішкі миграция кезінде де байқалған. Мәселен, бір үйден 4 бірдей бала ауруханаға түскен. Олар жақында Шымкенттен келсе керек. Қазір карантин шаралары болмағандықтан, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр. Ал ең сорақысы, балаларға аталған ауруға қарсы вакцинадан ата-аналардың бас тартуы жиілеген."Қызылшаның күн санап көбейе түсуі алаңдатарлық жағдай. Бұған ата-аналардың өздері жол беріп отыр. Балаларына қызылшаға қарсы екпе жасатудан бас тартатындар көбейді. Діни көзқараспен қатар, вакцинаға сенбейтіндер бар. Бұл ковид ауруынан кейін пайда болды. Науқас балалардың барлығы дерлік қызылшаға қарсы екпе алмаған екен", - дейді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.
https://sputnik.kz/20231005/aqtobede-qyzylsha-orship-tur--aurukhanada-qosymsha-oryndar-dayyndaldy-39064160.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді
07:01 20.10.2023 (жаңартылды: 07:34 20.10.2023) Қазір карантин шараларыенгізілмегендіктен, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ақмола облысында қызылша дертін жұқтырғандардың күрт көбеюі санитар мамандарды алаңдатып отыр. Науқастардың дені — осы індетке қарсы екпе салдырмағандар, деп хабарлады
КТК. Өңірде бірінен соң бірі 60 шақты адам қызылшамен ауырған. Оның 31-і балалар екен. Соңғы кездері жұқпалы инфекцияның өршуіне көші-қон мәселесі де себеп болып отыр дейді санитар мамандар.
Өткен жылы ауру Мысырдан, Ресейден келсе, қазір ішкі миграция кезінде де байқалған. Мәселен, бір үйден 4 бірдей бала ауруханаға түскен. Олар жақында Шымкенттен келсе керек. Қазір карантин шаралары болмағандықтан, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр. Ал ең сорақысы, балаларға аталған ауруға қарсы вакцинадан ата-аналардың бас тартуы жиілеген.
"Қызылшаның күн санап көбейе түсуі алаңдатарлық жағдай. Бұған ата-аналардың өздері жол беріп отыр. Балаларына қызылшаға қарсы екпе жасатудан бас тартатындар көбейді. Діни көзқараспен қатар, вакцинаға сенбейтіндер бар. Бұл ковид ауруынан кейін пайда болды. Науқас балалардың барлығы дерлік қызылшаға қарсы екпе алмаған екен", - дейді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.