https://sputnik.kz/20231005/aqtobede-qyzylsha-orship-tur--aurukhanada-qosymsha-oryndar-dayyndaldy-39064160.html
Ақтөбеде қызылша өршіп тұр – ауруханада қосымша орындар дайындалды
Ақтөбеде қызылша өршіп тұр – ауруханада қосымша орындар дайындалды
Sputnik Қазақстан
05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T07:29+0500
2023-10-05T07:29+0500
2023-10-05T07:50+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748065_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_99474ee8b233a8adb9f4325fedc8f6ff.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ақтөбеде қызылша дерті өршігендіктен ауруханада қосымша орындар дайындалды.Өңірде ауру жұқтырғандар саны 400-ден асты. Оның басым бөлігі-облыс орталығының тұрғындары.Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшаға арнайы елу керует бөлінді. Аудан орталықтарында да қосымша орындар дайындалған. Қазір ауруханада 43 адам ем алып жатыр. Оның -35 бала, қалғаны- ересектер. Үш науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Ауруға шалдыққандардың сексен бес пайызы он төрт жасқа толмаған балалар. Дәрігерлердің айтуынша, дерт әсіресе қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында көп таралуда.Өңірде қызылшаға шалдыққандар алғаш рет биыл ақпан айында анықталды. Кейін жаз мезгілінде Түркия мен Египетке демалып келгендер арасында қызылшамен ауырғандар көбейген.Дәрігерлер қызылшаға қарсы екпе алғандардың көп ауырмайтынын және ауырған жағдайда жеңіл өтетінін айтады. Айта кетері, Ақтөбеде қызылшаға қатысты тап осындай тұрақсыз жағдай соңғы рет 2019 жылы болған.
https://sputnik.kz/20231004/almatydagy-bir-mekteptin-balalarynan-qyzylsha-anyqtaldy-oqushylar-qashyqtan-oquga-koshti-39056819.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748065_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_2c0ad164022f2ddbaf2db8a648a1430a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Ақтөбеде қызылша өршіп тұр – ауруханада қосымша орындар дайындалды
07:29 05.10.2023 (жаңартылды: 07:50 05.10.2023)
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ақтөбеде қызылша дерті өршігендіктен ауруханада қосымша орындар дайындалды.
Өңірде ауру жұқтырғандар саны 400-ден асты. Оның басым бөлігі-облыс орталығының тұрғындары.
Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшаға арнайы елу керует бөлінді. Аудан орталықтарында да қосымша орындар дайындалған. Қазір ауруханада 43 адам ем алып жатыр. Оның -35 бала, қалғаны- ересектер. Үш науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
"Жансақтау бөлімінде үш бала жатыр. Бір бала алты жаста, қосымша диагонозы бар. ДЦП, тетрапорез асқынуы бар. Өте ауыр жағдайды жатыр. Екі бала бір жасқа толмаған", - дейді облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Нуртдинова.
Ауруға шалдыққандардың сексен бес пайызы он төрт жасқа толмаған балалар. Дәрігерлердің айтуынша, дерт әсіресе қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында көп таралуда.
Өңірде қызылшаға шалдыққандар алғаш рет биыл ақпан айында анықталды. Кейін жаз мезгілінде Түркия мен Египетке демалып келгендер арасында қызылшамен ауырғандар көбейген.
Дәрігерлер қызылшаға қарсы екпе алғандардың көп ауырмайтынын және ауырған жағдайда жеңіл өтетінін айтады. Айта кетері, Ақтөбеде қызылшаға қатысты тап осындай тұрақсыз жағдай соңғы рет 2019 жылы болған.