Алматыдағы бір мектептің балаларынан қызылша анықталды: оқушылар қашықтан оқуға көшті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВакцинация от кори, архивное фото
Вакцинация от кори, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Алматыдағы қалған барлық мектепте эпидемиологиялық жағдай тұрақты
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Алматыдағы № 172 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларының арасында қызылша ауруы анықталды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Басқарманың мәліметінше, 20 қыркүйекте Медеу ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің тиісті мамандарынан құрылған комиссия шешімімен қызылша инфекциясын жұқтыру фактілерінің анықталуына байланысты бастауыш сынып оқушыларын 16 қазанға дейін қашықтан оқытуға көшіру ұсынылды.
Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Балалар қажетті компьютерлік техникамен және интернет ресурстарымен қамтамасыз етілген.

"Жалпы Алматыдағы қалған барлық мектепте эпидемиологиялық жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында", - делінген басқарма мәліметінде.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, балалар арасында ауруға шалдығу көрсеткіші негізінен екпе алмағандар арасында тіркелген. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жүргізеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Шымкентте қызылша ауруы дендеп барады
Жаңалықтар
0