АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Израильде Қазақстан азаматтары жоғалған жоқ, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, Израиль жерінде Қазақстан азаматтарының жоғалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Шындыққа жанаспайды, Израиль билігі тізімде қате кеткені үшін кешірім сұрады", - деді Айбек Смадияров Sputnik Қазақстанға.
Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, қақтығыс ошағында зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.
Айта кетейік, Израиль жерінде жүрген қазақстандықтар арнайы әуе рейсімен елге жеткізілген болатын.