Израильде қазақстандықтар жоғалған жоқ - сыртқы істер министрлігі

© AFP 2024 / SAID KHATIBПалестинские боевики запускают ракеты в сторону Израиля из Рафаха, на юге сектора Газа
Палестинские боевики запускают ракеты в сторону Израиля из Рафаха, на юге сектора Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Жазылу
Израильде қазақстандық жоғалып кетті деген ақпарат жарияланған еді
АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Израильде Қазақстан азаматтары жоғалған жоқ, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, Израиль жерінде Қазақстан азаматтарының жоғалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Шындыққа жанаспайды, Израиль билігі тізімде қате кеткені үшін кешірім сұрады", - деді Айбек Смадияров Sputnik Қазақстанға.
Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, қақтығыс ошағында зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.
Айта кетейік, Израиль жерінде жүрген қазақстандықтар арнайы әуе рейсімен елге жеткізілген болатын.
Электронное табло в аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Репатриациялық рейс қазақстандықтарды Алматыға жеткізді
Жаңалықтар
0