АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. "Трансмұнай" жария акционерлік қоғамы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары барысында Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы транзиттеу туралы 2024 жылға арналған шартқа және "Трансмұнай" мен"ҚазТрансОйл" арасындағы ынтымақтастық туралы жаңартылған меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ресейлік компанияның баспасөз қызметі.
Сапар барысында сондай-ақ "Трансмұнай" президенті Николай Токарев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті.
"Кездесуде екі елдің энергетикалық ресурстарын тасымалдау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, атап айтқанда, Каспий құбыр консорциумы қызметі аясындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі талқыланды", - делінген хабарламада.
Ресейлік делегация "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансОйл" компанияларының басшылығымен де келіссөздер жүргізді. Талқыланған мәселелердің қатарында Каспий құбыр консорциумы аясындағы ынтымақтастық пен технологиялық ынтымақтастықты дамыту жайы да сөз болды.
Трансмұнай – Ресей мемлекетінің бақылауындағы мұнай құбыры компаниясы. Магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларының операторы.