Қытай компаниясы "ҚазТрансОйлға" мұнай құбырын кеңейтуге көмектеседі

© Photo : Пресс-служба АО "КазТрансОйл"Бейжіңде "ҚазТрансОйл" АҚ басшыларының қытайлық серіктестермен кездесуі өтті
Бейжіңде ҚазТрансОйл АҚ басшыларының қытайлық серіктестермен кездесуі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Бейжіңде "Кеңқияқ-Атырау" және "Кеңқияқ-Құмкөл" магистральдық мұнай құбырын кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев бастаған делегация Бейжіңде Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC Exploration and Development Company Ltd. ) өкілі Мэн Сяндунмен кездесті.
Кездесуде тараптар "МұнайТас СБҚК" ЖШС мен "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС бірлескен кәсіпорындарын басқару аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, "Кеңқияқ-Атырау" және "Кеңқияқ-Құмкөл" магистральдық мұнай құбырын кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады.
"Тараптар екі елдің стратегиялық және ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, бірлескен кәсіпорындарды басқару шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға бейілділігін растады", - деп жазылған"ҚазТрансОйлдың" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетері, "ҚазТрансОйл" АҚ ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді.
"Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС – "ҚазТрансОйл" АҚ (50%) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd (50%) арасындағы бірлескен кәсіпорын, "Кеңқияқ-Құмкөл" және "Атасу – Алашаңқай" магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.
"МұнайТас СБҚК" ЖШС – "ҚазТрансОйл" АҚ (51%) мен CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) арасындағы Кеңқияқ-Атырау магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жобасын іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын.
Жаңалықтар
0