https://sputnik.kz/20230927/2024-zhyly-qazaqstan-munayy-resey-aumagy-arqyly-tasymaldanady--38819180.html
2024 жылы Қазақстан мұнайы Ресей аумағы арқылы тасымалданады
2024 жылы Қазақстан мұнайы Ресей аумағы арқылы тасымалданады
Sputnik Қазақстан
Тиісті келісімге "Трансмұнай" делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында қол қойылды 27.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-27T15:19+0500
2023-09-27T15:19+0500
2023-09-27T15:19+0500
мұнай
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31082013_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d4a76a689e87157c9fe6c4b2ada2c77a.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. "Трансмұнай" жария акционерлік қоғамы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары барысында Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы транзиттеу туралы 2024 жылға арналған шартқа және "Трансмұнай" мен"ҚазТрансОйл" арасындағы ынтымақтастық туралы жаңартылған меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ресейлік компанияның баспасөз қызметі.Сапар барысында сондай-ақ "Трансмұнай" президенті Николай Токарев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті.Ресейлік делегация "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансОйл" компанияларының басшылығымен де келіссөздер жүргізді. Талқыланған мәселелердің қатарында Каспий құбыр консорциумы аясындағы ынтымақтастық пен технологиялық ынтымақтастықты дамыту жайы да сөз болды.Трансмұнай – Ресей мемлекетінің бақылауындағы мұнай құбыры компаниясы. Магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларының операторы.
https://sputnik.kz/20230904/qytay-kompaniyasy-qaztransoylga-munay-qubyryn-keneytuge-komektesedi-38166855.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31082013_78:0:2738:1995_1920x0_80_0_0_6a94f2ebe936df650fb7fb666011f552.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, ресей
2024 жылы Қазақстан мұнайы Ресей аумағы арқылы тасымалданады
Тиісті келісімге "Трансмұнай" делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында қол қойылды
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. "Трансмұнай" жария акционерлік қоғамы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары барысында Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы транзиттеу туралы 2024 жылға арналған шартқа және "Трансмұнай" мен"ҚазТрансОйл" арасындағы ынтымақтастық туралы жаңартылған меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ресейлік компанияның баспасөз қызметі.
Сапар барысында сондай-ақ "Трансмұнай" президенті Николай Токарев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті.
"Кездесуде екі елдің энергетикалық ресурстарын тасымалдау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, атап айтқанда, Каспий құбыр консорциумы қызметі аясындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі талқыланды", - делінген хабарламада.
Ресейлік делегация "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансОйл" компанияларының басшылығымен де келіссөздер жүргізді. Талқыланған мәселелердің қатарында Каспий құбыр консорциумы аясындағы ынтымақтастық пен технологиялық ынтымақтастықты дамыту жайы да сөз болды.
Трансмұнай – Ресей мемлекетінің бақылауындағы мұнай құбыры компаниясы. Магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларының операторы.