АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. 47 жастағы ер адам Кимхэ қаласындағы пәтердің төбесін сырлау үшін қорғаныс пленкасын орнатып жатып, құлап кеткен, деп жазады Nocut news жергілікті кәріс басылымы.
Ол дереу ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақатынан қайтыс болды. Еңбек департаменті қайғылы оқиғаға қатысты жұмыс орнындағы қауіпсіздік қаншалықты сақталғанын білу үшін тексеру жүргізіп жатыр. Бұл істі адам өлімі бойынша полиция да назарға алған.
Айта кетейік, 2020 жылы Түркістанның 20 жастағы тұрғыны зауытта жұмыс істеп жүріп, биіктіктен құлап қайтыс болған. Қайғылы оқиға Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында болды.