Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 18-қабаттан құлап қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевВиды Нур-Султана зимой
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Бұл істі адам өлімі бойынша полиция да тергеп жатыр
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. 47 жастағы ер адам Кимхэ қаласындағы пәтердің төбесін сырлау үшін қорғаныс пленкасын орнатып жатып, құлап кеткен, деп жазады Nocut news жергілікті кәріс басылымы.
Ол дереу ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақатынан қайтыс болды. Еңбек департаменті қайғылы оқиғаға қатысты жұмыс орнындағы қауіпсіздік қаншалықты сақталғанын білу үшін тексеру жүргізіп жатыр. Бұл істі адам өлімі бойынша полиция да назарға алған.
Айта кетейік, 2020 жылы Түркістанның 20 жастағы тұрғыны зауытта жұмыс істеп жүріп, биіктіктен құлап қайтыс болған. Қайғылы оқиға Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында болды.
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады
Жаңалықтар
0