Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Полиция Кёнбу жедел жолының қақ ортасында автобусты бөгеген және қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оны жарақаттаған 50 жастағы қазақстандық әйелді ұстады, деп хабарлайды Astana TV.
Белгілі болғандай, әйел 10 тамызда Сеулдегі Ганнам-гу қаласындағы Синсаёк метро станциясының маңында қозғалып келе жатқан автобустың алдынан шығып, ол тоқтағаннан кейін көліктің терезе жуғыш жабдығын сындырмақ болған. Жүргізуші автобустан түскен кезде оған өткір затпен, болжам бойынша пышақпен тап беріп, кейін қашып кеткен. Бірақ ол 11 минуттан кейін ұсталды.
"Полицейлерге әйел такси жүргізушісі оны жеткізуден бас тартқандықтан автобусты тоқтатқанын айтқан. Жүргізушінің қолы кесілген, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және ұсталған әйелдің денесінде есірткінің бар-жоғын тексеруді жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, сонымен қатар осы жылдың 26 ​​наурызында Инчхон әуежайының қоршауынан заңсыз өтіп кеткен екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты.
Инчхон округтік соты оларды 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру және 3 миллион вон (9 миллион теңге) айыппұл төлеумен 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Заңгер Мейірман Шекеев мәлімдегендей, екеуі де Кореяда айыппұл төлеп, 3 жылға сотталмай, еліне оралады.
Жаңалықтар
0