Елорда тынысы

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан аса адам шықты

Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарған
Sputnik
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананы қоқыстан тазалауға 56 мыңнан астам тұрғын шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін басталған "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы 14 қазанға дейін жалғасады. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.
"Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты", - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Бұған қоса 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.
14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.
Алматыда күзде 300 мыңға жуық ағаш егіледі