https://sputnik.kz/20230916/astanada-zhalpyqalalyq-senbilikke-56-mynnan-asa-adam-shyqty-38520436.html
Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан аса адам шықты
Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан аса адам шықты
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарған 16.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-16T19:13+0500
2023-09-16T19:13+0500
2023-09-16T19:13+0500
елорда тынысы
астана
тазалық
https://sputnik.kz/img/07e7/09/10/38520528_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_84acc69ff6fec1d44baa5df18db55416.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананы қоқыстан тазалауға 56 мыңнан астам тұрғын шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Бүгін басталған "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы 14 қазанға дейін жалғасады. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі."Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты", - делінген хабарламада.Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Бұған қоса 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.
https://sputnik.kz/20230914/almatyda-kuzde-300-mynga-zhuyq-agash-egiledi-38396959.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/10/38520528_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_4973f82e5e576ad7672145cf2956271d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, тазалық
Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан аса адам шықты
Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарған
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананы қоқыстан тазалауға 56 мыңнан астам тұрғын шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін басталған "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы 14 қазанға дейін жалғасады. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.
"Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты", - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Бұған қоса 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.
14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.