https://sputnik.kz/20230914/almatyda-kuzde-300-mynga-zhuyq-agash-egiledi-38396959.html
Алматыда күзде 300 мыңға жуық ағаш егіледі
Алматыда күзде 300 мыңға жуық ағаш егіледі
Sputnik Қазақстан
Оның басым бөлігі – 207 мың ағаш Алатау ауданында отырғызылады 14.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-14T07:01+0500
2023-09-14T07:01+0500
2023-09-14T07:01+0500
ағаш
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38394308_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_e877556bdc78570a8769e833cdaf9bb0.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматыда күзде 298 мың ағаш отырғызылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Күзгі ағаш отырғызу 20 қыркүйектен басталады. Қазір көгалдандырушылар технология бойынша тал еккенге дейін 5-10 күн желдетілуі керек шұңқыр қазып, топырақты дайындап жатыр.Алатау ауданында 207 мың ағаш отырғызылады. Бұл ауданда ауқымды көгалдандыруға индустриялық аймақтың және санитарлық аймақтың аумағы-ЖЭО-2 маңындағы қорғаныс аймағы, Қарасу алаңы, Мөңке би көшесінің оңтүстігіндегі аумақ, сонымен бірге магистральдық көшелер мен жаңа шағын аудандардың аула аумақтары бойындағы учаскелер кіреді.Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты шегіршін, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен гүлзарларға - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылады. Ағаштың бұл түрлері тығыз және саялы ағашқа айналып, ластанған ауа ағынын жақсы ұстайды.Негізінен аталық терек сатып алынады, бұл терек мамығының азаюына және тұрғындар арасында маусымдық аллергия деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.2023 жылы 320 мың ағаш егу жоспарланған, соның 22 мыңы көктемде отырғызылды.
https://sputnik.kz/20220423/toqaev-botanikalyq-baqta-koshet-otyrgyzdy-24399149.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38394308_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_6a6f3fe72fe61944c25bfa1213838fae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ағаш
Алматыда күзде 300 мыңға жуық ағаш егіледі
Оның басым бөлігі – 207 мың ағаш Алатау ауданында отырғызылады
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматыда күзде 298 мың ағаш отырғызылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күзгі ағаш отырғызу 20 қыркүйектен басталады. Қазір көгалдандырушылар технология бойынша тал еккенге дейін 5-10 күн желдетілуі керек шұңқыр қазып, топырақты дайындап жатыр.
Алатау ауданында 207 мың ағаш отырғызылады. Бұл ауданда ауқымды көгалдандыруға индустриялық аймақтың және санитарлық аймақтың аумағы-ЖЭО-2 маңындағы қорғаныс аймағы, Қарасу алаңы, Мөңке би көшесінің оңтүстігіндегі аумақ, сонымен бірге магистральдық көшелер мен жаңа шағын аудандардың аула аумақтары бойындағы учаскелер кіреді.
Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты шегіршін, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен гүлзарларға - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылады. Ағаштың бұл түрлері тығыз және саялы ағашқа айналып, ластанған ауа ағынын жақсы ұстайды.
Негізінен аталық терек сатып алынады, бұл терек мамығының азаюына және тұрғындар арасында маусымдық аллергия деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
2023 жылы 320 мың ағаш егу жоспарланған, соның 22 мыңы көктемде отырғызылды.