https://sputnik.kz/20220423/toqaev-botanikalyq-baqta-koshet-otyrgyzdy-24399149.html
Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды 23.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-23T11:43+0500
2022-04-23T11:43+0500
2022-04-23T11:49+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/04/17/24399305_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_f60cd9b95469a7bd04dc7cc75e970e32.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірге – таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты. Президент астанадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызды, деп хабарлады БОРТ 1 Telegram-арнасы.Сенбілікке эковолонтерлар мен президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері де қатысты. Тоқаев олармен әңгімелесіп, табиғатқа қатысты ойларын тыңдады, экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы сөйлесті. Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. Президент жастарға алғысын айтып, Жаңа Қазақстанды бірге құруға үндеді. "Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін", – деп атап көрсетті Тоқаев. Ал еріктілер президентке экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіріп отыратыны үшін ризашылығын жеткізді. Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/17/24399305_0:0:1132:849_1920x0_80_0_0_8eabd16a75aaefacca2b1047e5135d86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
11:43 23.04.2022 (жаңартылды: 11:49 23.04.2022) Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірге – таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты. Президент астанадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызды, деп хабарлады
БОРТ 1 Telegram-арнасы.
Сенбілікке эковолонтерлар мен президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері де қатысты. Тоқаев олармен әңгімелесіп, табиғатқа қатысты ойларын тыңдады, экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы сөйлесті. Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды.
"Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек", – деді Тоқаев.
Президент жастарға алғысын айтып, Жаңа Қазақстанды бірге құруға үндеді.
"Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін", – деп атап көрсетті Тоқаев.
Ал еріктілер президентке экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіріп отыратыны үшін ризашылығын жеткізді. Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.