Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты апелляциялық алқаның шешімі шықты

Сот шешімі бойынша Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Астана сотының апелляциялық алқасы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Апелляциялық алқаның шешімін судья Мұрат Солтыбаев жариялады.
"Мұхамедиұлының апелляциялық арызы қанағаттандырылмады. Сот үкімі заңды күшіне енді. Мұхамедиұлының кінәсі толығымен дәлелденді, ал қорғаушы тараптың дәлелдері расталмады. Оны ақтауға негіз жоқ. Осы іс бойынша аудиторлық зерттеулер жүргізілді", - деді Солтыбаев.
Айта кетері, бұған дейін Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыйбайластарына үкім шығарылған болатын. Сот шешімі бойынша Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сотта экс-министрдің баласы жанжал шығарды. Артынан оның адвокаты мен жұбайы пара берді деген күдікке ілінді.
Қоғам
Мұхамедиұлы ісі: мемлекетке 7 млрд теңге шығын келген