Экс-министрдің адвокаты мен жұбайы пара берді деген күдікке ілінді

© Sputnik / Владислав ВодневАрыстанбек Мухамедиулы
Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Экс-мәдениет және спорт министрінің адвокаты мен жұбайы пара бермек болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық істер төңірегінде аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғанын анықтады.
"Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ министрдің мүддесін қорғаған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды", - деп хабарлады ведомство.
Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен оның жұбайынан адвокат 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған. Ол қаражатты сот органдарының лауазымды адамдарына бермек болған.
"Тергеу кезінде 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсаған. Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап өтті агенттік.
Ал Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталды деген күдікке ілінді.
Еске сала кетейік, Арыстанбек Мұхамадиұлы 8 жылға сотталды. Экс-министр соңғы сөзінде ату жазасына да келісетінін айтты. Соңғы үкім шыққан күні Мұхамадиұлының баласы соттың әділ болмағанын айтып, сот залында жанжал шығарды.
В Астане продолжается суд на бывшим министром культуры и спорта Казахстана Арыстанбеком Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Арыстанбек Мұхамедиұлының баласы сотта жанжал шығарды
Жаңалықтар
0