Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВ Астане продолжается суд на бывшим министром культуры и спорта Казахстана Арыстанбеком Мухамедиулы
В Астане продолжается суд на бывшим министром культуры и спорта Казахстана Арыстанбеком Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Астана қаласында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыйбайластарына үкім шығарылдыды.
Сот шешімі бойынша Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
"Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Бағлан Ыдырысов.
Ал оның сыйбайластары Алмаз Нұразханға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Оған мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Президентке "Ерен еңбегі үшін" және "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағынан айыру туралы ұсыныс берілсін.
Азамат Көшенов Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-тармағы 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады және мемлекеттік сатып алумен айналысуына тыйым салынады.
Айым Сәдуақасоваға Қылмыстық кодекстің 28-бап, 5-бап және 189-бап 4-бап 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалады.
"Экспонат" ЖШС бухгалтері үй қамақта болды. Оны сот залында дереу қамауға алуға шешім шығарылды. Ал оның кәмелет жасқа толмаған баласын туыстарының асырауына немесе арнайы мекеменің қарауына беріледі.
Судья мәдениет және спорт министрлігінің арызын да ішінара қанағаттандырды. Сотталғандар 43 миллион 829 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын төлеп беруге міндеттелді. Сондай-ақ, әрбіреуі мемлекеттік бажды (328 718 теңге) және процессуалдық шығынды (855 343 теңге) өтеп, зардап шеккендер қорына 69 мыңнан жіберуі тиіс.
Мұхамедиұлының адвокаты аппеляцияға шағым түсіретінін мәлімдеді. Қорғаушы тарап Жоғарғы сотқа дейін барамыз дейді.
Мұахмедиүлы мен оның сыйбайластарына "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.
Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушылар 221 млн теңге жымқырған.
Арыстанбек Мухамедиулы на XV Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Мұхамедиұлының соңғы сөзі: ату жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырды дегенге емес
Жаңалықтар
0